Ақылы түрде медициналық қызмет көрсетуге арналған жария оферта
Осы құжат «Аллергоскрин» ЖШС ұсынатын ақылы медициналық қызметтерге арналған жария оферта болып табылады. Шарттың жасалған күні — Тапсырыс берушінің қызметтерді төлеу күні.
1. Негізгі шарттар
1.1. Осы шарт жария оферта болып табылады. Осы шартқа ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабы қолданылады (Жария шарт). Осы Шарттың талаптары барлық Пациенттерге (Тапсырыс берушілерге) бірдей қолданылады.
1.2. Осы шартың офертасын қабылдауы мен шарттың жасалған күні, тапсырыс берушінің ақылы медициналық қызметтерді төлеу күні болып табылады.
1.3. Осы шарт талаптары бойынша Тапсырыс беруші Орындаушыға биологиялық материалды қабылдау және жинау бойынша Қызмет көрсетуді, сондай-ақ Пациентпен келісілген биологиялық материалды зертханалық зерттеуді (бұдан әрі — Қызметтер) ақылы негізде орындауды тапсырады. Орындаушы орындалған жұмыс нәтижелерін Тапсырыс берушіге беруге міндеттенеді.
1.4. Қызметтердің тізімі, құны мен орындалу мерзімдері Орындаушының ресми сайты www.allergoscreen.kz «Прайс-лист» бөлімінде орналастырылған.
1.5. Қызмет көрсету орны: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 6 үй, н.п.7.
1.6. Тапсырыс берушіге қызметтерді көрсету Орындаушының ішкі жұмыс регламентіне сәйкес жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
2. Қызмет көрсету тәртібі
2.1. Тапсырыс беруші міндеттенеді:
2.1.1. Орындаушының мамандарына (дәрігерлеріне) медициналық тіркеушілер арқылы Тапсырыс берушінің барлық қажетті медициналық деректерін, оның ішінде дәрілік препараттарға аллергиялық реакциялар, бұрын және қазіргі кездегі аурулар, жарақаттар, операциялар және Қызмет көрсетудің барысы мен нәтижесіне әсер етуі мүмкін басқа да факторлар туралы мәліметтерді ұсынуға;
2.1.2. Қызмет көрсету үшін қажетті барлық медициналық деректер мен мәліметтерді, сондай-ақ қызмет көрсету үшін қажетті материалды ұсынуға;
2.1.3. Тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлік, шетел азаматының паспорты, тұруға ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, өкілетті мемлекеттік орган берген және Тапсырыс берушінің жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да құжаттарды) ұсынуға.
2.2. Тапсырыс беруші кепілдік береді:
2.2.1. Осы шартты жасау үшін, толық және шынайы ақпаратқа ие екенін және емдеуші дәрігердің жолдамасында, чек-жолдамада және/немесе бақылау (фискалдық) чегінде көрсетілген Қызметтерді көрсетуге келісімін білдіретінін;
2.2.2. Биоматериалдарды қабылдау және жинау пунктінде және/немесе www.allergoscreen.kz сайтында орналастырылған зертханалық зерттеулерге дайындықтың барлық ережелерін орындағанын;
2.2.3. Зертханалық зерттеулерді жүргізу үшін берілетін Тапсырыс беруші өз бетімен жинаған биологиялық материалды осы зерттеулерге дайындық ережелерін сақтай отырып жинағанын.
2.3. Орындаушы міндеттенеді:
2.3.1. Қызметтерді сапалы және ҚР денсаулық сақтау саласындағы белгіленген нормативтік актілерге сәйкес көрсетуге.
2.3.2. Пациентке көрсетілетін Қызметтер мен олардың құны туралы қажетті ақпарат беруге.
2.3.3. Дәрігерлік құпияны және медициналық этиканы сақтауға;
2.3.4. Процедуралар жүргізу кезінде асептика және антисептика ережелерін сақтауға;
2.3.5. ҚР заңнамасында қолдануға рұқсат етілген зертханалық зерттеу әдістерін ғана пайдалануға.
2.4. Тапсырыс беруші өз бетімен жинаған биологиялық материалды белгіленген тәртіптерді бұза отырып және/немесе зертханалық зерттеулерге дайындық ережелерін сақтамай ұсынған жағдайда, Орындаушы ұсынылған биологиялық материалдан көрсетілген Қызметтердің сапасы үшін жауапты болмайды, ал Тапсырыс беруші Қызметтерді толық көлемде төлейді.
2.5. Орындаушы Тапсырыс беруші төмендегі жағдайларда Қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға немесе көрсетуден бас тартуға құқылы:
2.5.1. Шарттың 2.1-тармағында көзделген міндеттемелерді орындамаған;
2.5.2. Шарттың 3-бөлімінде белгіленген тәртіппен Орындаушының қызметтерін төлемеген.
2.6. Орындаушының қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелері Тапсырыс беруші 2.1., 3.1-тармақтарында көзделген міндеттемелерді орындаған сәттен бастап туындайды.
2.7. Қызмет көрсетуді аяқтағаннан кейін Орындаушы Тапсырыс берушіге allergoscreen.bregis.kz сайты арқылы нәтижені жүктеу сілтемесі түрінде медициналық қорытынды ұсынады, кейінірек Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша қорытындының түпнұсқасы беріледі. Қорытынды көрсетілген қызметтер толық төленген жағдайда ғана беріледі.
2.8. Тараптар Қызметтер актілерін қабылдау-тапсыруға қол қою талап етілмейтінін келісті. Тапсырыс беруші Шарт бойынша көрсетілетін Қызметтерді көрсету фактісі бойынша Орындаушыға шағым түсірмесе, Қызметтер тиісті сапада көрсетілген болып есептеледі. Шағымдар тек қана жазбаша түрде Тапсырыс берушінің қолы қойылып, қорытынды берілген сәттен бастап 10 күн ішінде қабылданады.
2.9. Шарт бойынша Қызмет көрсетуді растайтын құжат: бақылау (фискалдық) чек және орындалған жұмыстар туралы шот (Қазақстан Республикасының қолданыстағы Салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға шот-фактура жазылмайды).
3. Есеп айырысу тәртібі
3.1. Тапсырыс беруші Орындаушының Қызметтері басталғанға дейін Қызметтерге 100% алдын ала төлем жасауға міндетті.
3.2. Төлем кассада ақша салу немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (банк картасымен төлеу) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
3.2.1. Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған Жария шарт бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасына ҚҚС салынбайды.
3.3. Қызметтердің құнына Қызметтерді көрсету үшін қажетті материалдар шығындары және Қазақстан Республикасы аумағында материалды тасымалдау (қажет болған жағдайда) кіреді.
4. Жеке деректер
4.1. Орындаушы Тапсырыс берушінің жеке деректерін Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өңдеуге міндеттенеді.
4.2. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындау кезінде алынған ақпараттың құпиялылық режимін сақтау жөніндегі өзара міндеттемелерді өздеріне алады.
4.3. Осы Шарт бойынша құпия деп танылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе өзгеше жариялау, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе осы Шартта, оған толықтыруларда/қосымшаларда өзгеше көзделмесе, екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
4.4. Орындаушыға ақылы медициналық қызметтерді алу үшін жүгінген Тапсырыс беруші (оның заңды өкілі) Орындаушының, оның ішінде оның қызметкерлерінің жеке деректерін өңдеуге өз келісімін береді.
4.5. Өңдеуге жататын жеке деректердің тізбесі: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, жасы; Тапсырыс берушінің жеке басын куәландыратын құжат деректері;
4.6. денсаулық жағдайы, бар аурулар, қойылған диагноздар, медициналық ұйымдарға өтініш жасау фактілері;
4.7. тіркелу мекенжайы, пошталық мекенжай, электрондық пошта мекенжайы, ұялы телефон.
4.9. Жеке деректерді беру тек қана медициналық мақсаттармен шектеледі және техникалық қажеттілікпен ғана негізделеді.
5. Шарттың әрекет ету мерзімі және жауапкершілік
5.1. Шарттың қолданылу мерзімі — Тапсырыс беруші Шарт талаптарын қабылдаған күннен бастап 30 күн.
5.2. Шарт бұзылуы мүмкін:
5.2.1. Тараптардың өзара келісімі бойынша;
5.2.2. Тапсырыс беруші Қызметтер көрсетіле бастаған сәттен бастап Орындаушы қорытынды берген сәтке дейін кез келген уақытта зерттеуді жалғастырудан бас тартуы туралы жазбаша өтініш беру арқылы.
5.3. Тапсырыс берушінің бастамасы бойынша шарттан бас тартқан кезде, егер қызметтер іс жүзінде көрсетілмесе, Орындаушы нақты жұмсалған шығыстарды шегергендегі ақша қаражатын қайтарады.
5.4. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5.5. Орындаушының мүліктік жауапкершілігі көрсетілген қызметтер үшін Тапсырыс берушіден алынған ақша қаражатының сомасымен шектеледі.
6. Басқа да шарттар
6.1. Орындаушы Тапсырыс берушінің жазбаша талабы бойынша Шарттың қол қойылған қағаз нұсқасын ұсынуға міндетті.
6.2. Электрондық пошта бойынша хат алмасу:
- құпия болып табылады;
- қарапайым электрондық қолтаңба күшіне ие.
7. Орындаушының деректемелері
«Аллергоскрин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- Пошталық индекс: 100000, Қарағанды қ., Абай к-сі, 3
- БИН 170540026609
- Тел.: 8 (701) 012 90 18 (бухгалтерия)
- E-mail: allergoscreenadm@gmail.com
Банктік деректемелер:
- ИИК KZ20601А871002763021
- АҚ «Қазақстан Халық Банкі»
- БИК HSBKKZKX
- БИН 170540026609
Директор: Досмағұл Айнұр Аразбекқызы