Қан қатаң түрде аш қарынға тапсырылады, соңғы тамақтану мен қан алу арасында кем дегенде 6-8 сағат өтуі тиіс (су ішуге болады).
Зерттеуге дейін 3-4 күн бұрын антигистаминдік және иммундық жүйені тежейтін (иммуносупрессорлық) препараттарды қабылдауды тоқтату қажет. Егер бұл мүмкін болмаса, қан тапсыру кезінде тіркеушіге міндетті түрде хабарлау керек.
Маңызды: аллергия деңгейі анықталатын дәрілік препараттарды өзіңізбен бірге алып келіп, қан тапсыру кезінде зертханаға тапсыру қажет.